«Бөлек әсер»: Әнші Жазира Байырбекова болашақ келінінің жүзін көрсетті (ВИДЕО)

/
«Бөлек әсер»: Әнші Жазира Байырбекова болашақ келінінің жүзін көрсетті (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде болашақ келінін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші «Бауырсағы балдай қыз» әніне арналған клипке келіннің өзі түскенін айтып, туынды аналық мейірім мен ақ тілекке толы екенін жеткізді.

«Ал, сүйінші! Келініміздің жүзін бейнебаянда көрсету - бір бөлек әсер. Жандос Қаржаубайдың әніне , Бақыт Қалибектің сөзіне жазылған “Бауырсағы балдай қыз” әні. «Әгугәй» ансамблімен бірге түсірілген бейнебаянымен көрерменге жол тартты. Жаңа туындыны тамашалап, жақсы көңіл-күймен қабыл алыңыздар», деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары