Ұлыбритания табиғатты қорғау қоры Уэльс жағалауындағы Скомер аралында бірнеше ай тұруға мүмкіндік беретін ерекше бағдарлама ұсынды. Қатысушыларға тегін тұрғын үй мен £400-ге дейін стипендия беріледі. Бірақ бір шарт бар: арал жағалауындағы құстарды (puffin) санау қажет, деп хабарлайды turkystan.kz bbc-ге сілтеме жасап.
Скомер – аумағы шамамен 3 шаршы шақырым болатын, Пембрукшир жағалауынан алыс емес, адам тұрмайтын арал. Мұнда дүкендер де, тұрақты тұрғындар да жоқ, сондықтан барлық азық-түлікті өзіңмен бірге алып бару керек.
Жоба құстарды қорғауға бағытталған. Тупиктер саны жыл сайын азайып бара жатқандықтан, оларды көктем, жаз немесе күз айларында жүйелі түрде есепке алу маңызды. Табиғатты қорғау жұмыстары аясында іріктеуден өткен үміткерлер аралда бірнеше ай тұрып, бақылау жүргізеді.
Аралдың келушілермен жұмыс жөніндегі қызметкері Роб Нотттың айтуынша, тупиктер – Уэльстің ең танымал әрі символдық құстарының бірі.
«Оларды санау оңай жұмыс емес, бірақ бұл түрді сақтап қалу үшін аса қажет», – дейді ол.
Бағдарлама табиғатты қорғауға қызығатын, оқшау жағдайда жұмыс істеуге дайын адамдарға арналған.