«Махаббаттарыңызды сеземін»: 72 жасқа толған Нағима Есқалиева тыңдармандарына алғысын айтты

/
«Махаббаттарыңызды сеземін»: 72 жасқа толған Нағима Есқалиева тыңдармандарына алғысын айтты
Видеодан скриншот

Танымал қазақ әншісі Нағима Есқалиева бүгін, 3 ақпанда 72 жасқа толды. Осыған орай Қазақстанның халық әртісі тыңдармандарына алғысын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Бүгін менің туған күнім! Өмірдің әсемдігі үшін және жолықтырған жандарым үшін алғыс айтамын – әрқайсыңыз мен үшін маңыздысыз.

Әсіресе жылы сөздеріңіз бен қолдауларыңыз үшін сіздерге үлкен рақмет. Мен бұл парақшада жиі көріне бермеймін, бірақ әр шыққан сайын махаббаттарыңызды сеземін. Үлкен рақмет!" - деп жазды Нағима Есқалиева.

Желі қолданушылары әншіні туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін жазып, ұзақ ғұмыр тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары