«Өкпем қара қазандай болды»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

/
«Өкпем қара қазандай болды»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Айгүл Иманбаева әкесімен арадағы қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі берген сұхбатында әкесіне ренжіп, қырық жыл бойы араласпағанын жеткізді.

«Әке-шешем ажырасқаннан кейін әкеммен 40 жыл араласпаған адаммын. Әкеме өкпем қара қазандай. Кімге ренжіп жүргенімді өзім де білмеймін. 40 жылдан кейін өзіммен тоқтаусыз жұмыстың арқасында мен әкеммен табыстым», – деді әнші.

Айтуынша, әкесімен қайта қауышқан сәт оның өміріндегі ерекше кезеңдердің бірі болған.

«40 жылдан кейін Лондонға кетерде концертімді берген кезде төрде отырды. Сол кезде әкем концерттен кейін былай айтты: “Айгүл, қызымды үйіріне қостым. Сенімен табыстым. Енді мен өлсем арманым жоқ. Барлық арманым орындалды” деп айтты», – деп еске алды Айгүл Иманбаева.

Әншінің сөзінше, бұл кездесуден кейін көп ұзамай әкесі өмірден өткен.

«Мен оқуға кеткеннен кейін әкем өмірден өтті. Содан кейін “бар арманым орындалды” деген сөзді айтпау керек екенін түсіндім», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары