Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немересі Әлем туралы жазбасында адамның есімі өміріне әсер ететініне сенетінін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Адамның есімі өміріне әсер етеді дегенге қатты сенетіндердің бірімін. Немеремнің есімін Әлем деп қоюым да жайдан-жай емес еді. “Әлемге танылсын, әлемге пайдасы тисін” деген ниетпен аты қойылды», – деп жазды ол.
Ақынның айтуынша, сол ниет қабыл болғандай әсер қалдырған.
«Сол ниет қабыл болды ма, кім білсін – Әлемнің бір ғана қылығы видеоға түсіп, 50 миллион қаралым, 2,5 миллион лайк жинап, әлемнің назарын өзіне бұрды», – дейді ол.
Ақын видеода ешқандай сценарий мен арнайы образ болмағаны атап өтті.
«Ол ешқандай сценарийсіз, арнайы образсыз, жәй ғана Айфонды бассейнге лақтырып жіберді. Мұны әлем көріп, шетелдіктер тоқтаусыз пікір қалдырып жатыр», – дейді ақын.
Сондай-ақ бұл сәттің «Лувр» музейінің тарихында қал «Бұл сәт “Лувр” музейінің тарихында қалып, Әлем лақтырған телефон қабырғаға ілінді. Бүкіл әлем бұл тарихқа қарап жатыр», – деп жазады Айнұр Тұрсынбаева.
Оның сөзінше, осы видеодан кейін Әлемнің ата-анасына әлемдік компаниялардан ұсыныстар түсе бастаған.
«Осылайша Әлем өз есіміне сай әлемнің есігін еркін ашып келеді», – деп түйіндеді ол.