Азаматтық қоғам мықты болмай, мемлекет те мықты болмайды. Өйткені бүкіл проблема митингілерде, алаңдарда емес, ең алдымен осындай мінберлерде ашық айтылуы керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Конституциялық комиссияның бесінші отырысында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Осы тұрғыдан алғанда Ата заңда «Халық кеңесі» туралы жеке бап, дербес бөлім пайда болды. Бұл құрылым жай ғана формалды органға айналмас үшін, 70-2 баптың редакциялық нұсқасында Қазақстанның Халық кеңесі Құрылтайға заң жобаларын енгізе алады деп нақты көрсетілді. Бұл –халықтың пікірін мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне жүйелі енгізуге арналған саяси институт. Яғни форманың логикасы, өзегі билікті нығайту емес, керісінше азаматтық қоғамның рөлін күшейту. Сонымен қатар Халық кеңесі республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтере алады, оған осындай құқық беріледі
Бір палаталы парламентке көшу моделіне терең талдау жасалғанын атап өтті.Құрылтай төрағасына қатысты жеке бап та енгізілді. Ұсынылған редакцияның 49-бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасының Құрылтайы Қазақстан Республикасының заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган деп нақты жазылды. Тағы бір маңызды өзгеріс Құрылтайдың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып жаңадан сайланған Құрылтай өз жұмысын бастаған кезде ғана бір-ақ тоқтайды. Бұл биліктегі құқықтық үзілістерге жол бермейтін, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін қағида», - деп М. Толықбай.
Оның айтуынша, Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша көпшілік дауыспен Үкіметке сенімсіздік білдіруге құқылы.
«53-бапқа сәйкес, Құрылтай президенттің ұсынуы бойынша Жоғары соттың судьяларын сайлайды және лауазымынан босата алады. Сонымен қатар Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша көпшілік дауыспен Үкіметке сенімсіздік білдіруге құқылы. Егер республика заңдары орындалмаса, Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен президентке үкімет мүшесін лауазымынан босату туралы ұсыныс қабылдай алады», - деп депутат.
Ал 50-ші бапта Құрылтайлың біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды жүйемен сайланатыны бекітілген. Яғни Құрылтайға кандидаттар партиялық тізім бойынша сайланады.
«Бұл саяси өмірге халықтың кең әлеуметтік топтарын тартуға мүмкіндік береді, партиялар арасында кәсіби бәсекелестікті күшейтеді. Қанша дегенмен, әр партияның артында өзінің аналитикалық зерттеу орталықтары бар, ресурстары, өңірдегі ғимараттары, аппараттық-әкімшілік әлеуеті тұрады. Бұл депутатқа кәсіби жұмыс істеу, заң жобаларына терең талдау жасау, әлеуметтік топтар мен өңірлердің мүддесін есепке алу мүмкіндігін береді. Нағыз тартыс бізде кәсіби партиялардың арасында болуы керек», - деді М.Толықбай.