Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағарев Конституцияға ұсынылған өзгерістер қоғамның бүгінгі сұранысына сай келетінін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Комиссия жұмысы өте қызу өтіп жатыр. Бұл жерде әртүрлі көзқарастар айтылды. Түрлі бағалар берілді, сұрақтар мен күмәндер болды. Ұсыныстар жан-жақты талқыланды.
Әрбір тұжырым салмақтанып, ой иелегінен өтті. Мұның өзі жүргізіліп жатқан жұмыстың формальды емес мазмүнды әрі саналы түрде жүзеге асқанын көрсетеді. Маңыздысы бұл талқылау жабық форматта өткен жоқ. Комиссия отырыстарының тіккелей эфирде көрсетілуі қоғамда кең талқылау туғызды.
Азаматтар өзгеріс турасындағы ұсыныстарды сырттай ғана бақылап отырған жоқ. Олардың мәнін түсінуге қандай нәтиже бееруге ұғынуға ұмтылып отыр.
Бүгін талқыланып отырған мәселелер тек комиссияның немесе кәсіби ортаның шеңберінде қалып отырған жоқ. Қоғам бұл өзгерістерден нақты әрі оң нәтижелер күтеді.
Негізігі баяндамшының қоғам назар аударып отырғанын байқауға болады. Бізге Конституцияға енгізілетін түзетулердің жинақталған жобасы ұснылды. Ол жоба азаматтардың, сарапшалардың, соның ішінде мен өкілдік ететеін адвокаттар алқасының ұсныстарын ескере отырып әзірленген», - деді Мәди Мырзағарев.