Сұмдық оқиға: Маңғыстау облысында ер адам өгей қызын зорлаған

/
Сұмдық оқиға: Маңғыстау облысында ер адам өгей қызын зорлаған
istockphoto

Маңғыстау облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

24 қаңтарда "102" жедел арнасының кезекші пультіне арыз түсті. Арызда 13 жастағы қыз балаға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасалғаны айтылған.

"Тексеру барысында алдын ала мәліметтерге сәйкес, заңға қайшы әрекеттерді оның өгей әкесі жасағаны анықталды. Күдікті 20 қаңтарда өз-өзіне қол жұмсаған", - дейді полицияда.

Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі — кәмелетке толмағанды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілді, дейді Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары