"Ыстанбұлдан келдім ғой өзің үшін": Айнұр Тұрсынбаева Балғынбек Имашевке қолдау білдірді

/
"Ыстанбұлдан келдім ғой өзің үшін": Айнұр Тұрсынбаева Балғынбек Имашевке қолдау білдірді

Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезханға шүйліккен Балғынбек Имашевке айтыскер Айнұр Тұрсынбаева жақтасты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұның бәрі Жандарбек Бұлғақовтың әлеуметтік желіде әнші Yenlik орындайтын BIPL әніне қатысты сын айтуынан басталған. Сол кезде Балғынбек Имашев әншіге араша түскен. Кейін онлайн жыр-айтыс алма кезек ауысып, ара-тұра Айнұрдың да есімі аталып жатты. Нәтижесінде Айнұр Тұрсынбаева Балғынбекпен құрап, "жастарға" жауап берді.

Бастапқыда ел назарын өздеріне аударған айтыскерлердің бұл әрекеті желі қолданушыларын қызықтырғанмен, біртіңдеп маңызын жоя бастағандай. Алайда олардың видеолары желіде әлі де болсын қызу талқыланып жатыр.

"Балғынбек пен Айнұр - оригинал брендтер ғой Күн сайын құны арта беретін", "Осы жылдың "Астарлы ақиқаты" болды ғой мына дау", "Сериал көргендей күтетін болдық", "Ал керек болса...", "Мәссаған", "Айнуркам, жынды айттың...", - деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары