Қазақстанда орташа жалақы 429 мың теңгеден асты

/
Қазақстанда орташа жалақы 429 мың теңгеден асты
istockphoto

Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық саны 9,7 миллионнан асты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің baq.kz-ке берген жауабында айтылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының еңбек нарығына қатысты 2025 жылдың III тоқсаны бойынша жариялаған деректеріне сәйкес, елдегі жұмыс күші саны 9 778 691 адамды құрайды. Оның ішінде 7 155 420 адам жалдамалы қызметкер ретінде еңбек етеді.

2025 жылдың III тоқсанында республика бойынша орташа айлық жалақы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға өсіп, 429 368 теңгеге жеткен, - делінген министрліктің жауабында.

Сонымен қатар, жалақының медианалық мөлшері 302 584 теңгені құраған. Бұл көрсеткіш ел азаматтарының жартысы осы сомадан төмен, ал жартысы одан жоғары жалақы алатынын білдіреді.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңге болып белгіленді. 2026 жылы да дәл осы көрсеткіш сақталып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары