Әлеуметтік желіде 10 жыл Құлдықта болған Құндыздың аяқ-қолы байланған фотосы тараған болатын. Журналист Руслан Өтепбай полиция қызметкерлерін бұл жағдайға назар аударуды сұраған болатын.
Жамбыл облысық полиция департаменті бейнежазба шұғыл назарға алынғанын жеткізді.
«Аталған бейнежазба шұғыл назарға алынып, полиция бөліміне тіркелді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен барлық мән-жайды жан-жақты әрі мұқият анықтауға бағытталған қажетті тексеру жұмыстары жүргізілуде», - делінген полиция хабарламасында.