Көкшетауда сауда орталығында кішкентай баланы тоқ соқты

/
Көкшетауда сауда орталығында кішкентай баланы тоқ соқты
istockphoto

Көкшетаудағы сауда орталығында кішкентай баланы тоқ соқты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Анасының айтуынша, 22 желтоқсанда кішкентай қызы Kokshetau Mall-дағы жаңа жылдық шыршаның жанында тұрған декорацияны ұстаған. Сол кезде баланы тоқ соққан.

Мерекелік декорацияның ешқандай қоршауы да болмады. Барлығы емін-еркін жүреді. Тоқ соққан баланың алақаны күйіп қалды.

Оны шұғыл облыстық балалар ауруханасына жатқызған. Дәрігерлер ем-дом жасады. Артынан күніне үш рет Цеф-3 салуға тура келді. Көкшетау қалалық полиция басқармасы барлық материалды жинап, төтенше жағдайлар басқармасына жіберген.

Ал сауда орталығының әкімшілігі ресми түсініктеме бермеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары