«Бір арлан туса, оны талауға он ит туады»: Қыдырәлі Болманов Серік Сәпиевке қолдау білдірді

/
«Бір арлан туса, оны талауға он ит туады»: Қыдырәлі Болманов Серік Сәпиевке қолдау білдірді
Әлеуметтік желіден

Әнші Қыдырәлі Болманов боксшы Серік Сәпиевке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қазақ спортындағы орны айрықша екенін атап өтті.

«Тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиада ойындарында алтын медаль алып, чемпион атанған бар-жоғы жеті боксшымыз бар. Сегіз миллиард адамның ішінен суырылып шығу – кез келген спортшыға бұйыра бермейтін бақ. Ал Олимпиаданың ең үздік боксшысына берілетін “Баркер кубогына” ие болғандар одан да аз», – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Оның айтуынша, Серік Сәпиев сол бір Олимпиадада бұл марапатты да жеңіп алған санаулы спортшылардың бірі.

«Ел тарихында өз батырын өзі шүйліктірген кезеңді көріп пе едік? Серік пен Бекзаттай батырлар, қазіргі өсіп келе жатқан таланттар – бір ғасырда бір келетін дара дарындар емес пе?» – дейді әнші.

Сондай-ақ ол ел ішінде еңбегі сіңген тұлғаларды қадірлеу қажеттігін меңзеп, «бір арлан туса, оны талауға он ит туады» деген тәмсілді мысалға келтірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары