Жамбыл облысының Шу ауданындағы мектептердің бірінде психолог кәмелеттік жасқа толмаған қыз балаға жасалған зорлық фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Orda.kz мәліметінше, психологпен сөйлескен кезде қыз бала өзін 12 жасында өгей әкесі зорлағанын айтқан. Отбасында жеті бала бар. Қыздың анасы – жұмыссыз. Өгей әкесімен бірге жалдамалы пәтерде тұрған.
Психолог бұл жайды мектеп директоры мен ювеналды полиция инспекторына айтқан. Қазір «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.