«Самұрық – Қазына» активтері 88 млрд долларға жетті

/
«Самұрық – Қазына» активтері 88 млрд долларға жетті
"Самұрық - Қазына" АҚ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының активтері 88 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Самұрық – Қазына» АҚ мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қор активтері 10 пайызға өсіп, 88 миллиард долларды, яғни шамамен 45 триллион теңгені құрады. Оң динамика оның ауқымын және әлемдегі ең ірі суверенді қорлар арасындағы орнын айқындайды. Активтер көлемі бойынша «Самұрық-Қазына» Global SWF жаһандық рейтингісінің топ-25 қатарына кіреді.

2022 жылдан бері қор активтерінің құны тұрақты түрде жыл сайын артып келеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары