Астанада ұйықтап кеткен жүргізуші қоршауға соғылды

/
Астанада ұйықтап кеткен жүргізуші қоршауға соғылды
видеодан скриншот

Бүгін таңғы сағат 09:00 шамасында Астана – Щучинск автожолы бойындағы «Астана» ақы алу пунктінде жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Volvo маркалы жүк көлігі бетон қоршауға соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуі себеп болған.

Қысқы маусымда жол үстіндегі тәртіп пен мұқият болудың маңызы арта түсетіні белгілі. Ұзақ сапар, шаршау, ұйқының қанбауы – жүргізуші зейінін әлсіретіп, күтпеген жағдайға ұрындыруы мүмкін. Мұндай сәттерде қауіпсіздік бірінші орында тұруы тиіс.

Осы орайда жолға шығатын азаматтарды қарапайым, бірақ аса маңызды талаптарды қаперде ұстауға шақырамыз:

шаршаған күйде рөлге отырмау, жол үстінде әр 2–3 сағат сайын тоқтап демалу, жылдамдықты шамадан тыс асырмай, қауіпсіз ара қашықтықты сақтау. Әсіресе ақы алу пункттерінен кейінгі учаскелерде қозғалыс қарқыны жиілеп, жүргізушіден жоғары жауапкершілік талап етіледі.

Өз өміріңіз бен өзгенің амандығы үшін жол ережесін қатаң сақтап, көлікті мұқият басқарыңыз.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары