"Басты рөлдердің бірі": Қайрат Нұртастың 16 жастағы қызы киноға түскелі жатыр

"Басты рөлдердің бірі": Қайрат Нұртастың 16 жастағы қызы киноға түскелі жатыр
Ашық дереккөзден

Әнші Қайрат Нұртастың 16 жастағы қызы Алау Нұртас қазақстандық кинолардың бірінде басты рөлге бекітілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы әншінің жолдасы Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеді.

"Керемет жаңалығымды бөлісейін. Ана ретінде өте қуаныштымын. Неге десеңіздер, үлкен картина шыққалы жатыр. Алау киноға түскелі жатыр. Кәсіби актерлермен бірге, оның ішінде елдің сүйіктісі Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров деген секілді актерлермен бірге түседі. Алау басты рөлдердің бірін сомдайды. Сондықтан осы көктемде күтіңіздер. Үлкен экранға шығады", – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары