ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан жеке тұрғын үйден газ баллонын алып шықты.
Қостанай қаласы Дулатов көшесінде екі пәтерлі жеке тұрғын үйде өрт шықты.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте ғимаратты ашық жалын шарпыған.
ТЖД қызметкерлері өрт ошағынан көлемі 50 литрлік газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың және ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік туды.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.