Павлодар облысында 15 бас жылқы тиелген жүк көлігі өртке оранды

/
Павлодар облысында 15 бас жылқы тиелген жүк көлігі өртке оранды
Әлеуметтік желіден

Кеше, 17 қаңтарда Павлодар облысы Қалқаман кентінің маңында жүк көлігі мен оның ағаш тіркемесі жанып кетті. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Павлодар облысында тіркемесіне 15 бас ат тиелген жүк көлігі өртке оранған. Оқиға орнына дереу өртке қарсы қызмет бөлімшелері бағытталды және жануды жедел түрде сөндірді. Олардың үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер жоқ, жылқылар да аман.

Өрттің себептері анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті автокөлік иелеріне көлік құралдарын үнемі техникалық тексеру, электр сымдары мен отын шлангтарын уақтылы ауыстыру қажеттілігін еске салады.

Сондай-ақ автокөлікте жарамды өрт сөндіргіш болуы және көлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет екенін еске салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары