ТЖМ өрт сөндірушілері жанып жатқан автокөлікті жедел түрде сөндірді, деп хабарлайды turkystan.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Астанада, Байқоңыр ауданында, Алаш тас жолында газ баллонды жабдықталған жүк көлігі өртенді.
Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін газ баллонды жабдықтың жарылуы болды. ТЖМ күштері көбік ағынын пайдаланып, өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ жүргізушілерді еске салады: газ жабдығы бар автомобильдерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, жүйеге үнемі техникалық қызмет көрсету қажет.