Атырау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 5,8 келі , бойы 61 сантиметр болатын алып сәби өмірге келді. Дәрігерлер 36 жастағы әйелге ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалған.
Жаңа туған нәрестенің салмағы мен бойы өңір бойынша орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Әйел бастапқыда облыстық перинаталдық орталықтың жүктілік патологиясы бөлімшесіне жатқызылған. Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде сәбидің салмағы шамамен 6,5 келі деп болжанған. Сондықтан дәрігерлер кесар тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.
Сәби — Атырау қаласының тұрғынының алтыншы перзенті. Ота сәтті өтіп, қазіргі таңда ана мен нәрестенің жағдайы жақсы, олар мамандардың тұрақты бақылауында, — деп хабарлады перинаталдық орталық.