Жамбыл облысында інісі комада жатқан ағасының жерін сатып жіберген

/
Жамбыл облысында інісі комада жатқан ағасының жерін сатып жіберген
istockphoto

Жамбыл облысының тұрғыны ағасы ауруханада комада жатқанда, оның мал шаруашылығына арналған жер телімін сатып жіберген, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сүйенсек, талап қоюшы Жамбыл облысында мал шаруашылығымен айналысып, жұбайымен бірге шаруа қожалығын дөңгелетіп отырған. Оның менішігінде мал қоралары мен шопан үйі, жер учаскесі болған.

2021 жылы шаруа қожалығының иесі аурухананың жансақтау бөліміне ауыр халде комаға түседі.

Інісі ешқандай заңды өкілеттігі болмаса да, ағасының мүлкін бір ЖШС-нің жарғылық капиталына беру туралы шарт жасасқан. Кейіннен бұл жер телімі үшінші тарапқа сатылып, ЖШС мүлдем таратылып жіберілген.

Сотта талап қоюшының өкілі қорғауындағы адам шарт жасалған кезде ауруханада комада болғанын және физикалық түрде ешкімге сенімхат бере алмайтынын түсіндірді.

Сот келісімшарттарда иесінің қолтаңбасы жоқ екенін, мүлік иесі ешкімге сенімхат бермегенін, мәмілелер иесінің келісімінсіз, ерік-жігер бостандығы принципін бұза отырып жасалғанын анықтады

Барлық мән-жайды саралай келе, жерді беру және сату туралы келісімшарттар жарамсыз деп танылды.

Сот жауапкерден 500 мың теңге көлеміндегі адвокаттық шығындар мен мемлекеттік бажды өндіріп алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары