"100 долларға сатып алған": Беларусь азаматы жындыханада тұрып жатыр

/
"100 долларға сатып алған": Беларусь азаматы жындыханада тұрып жатыр
сурет: realt.onliner.by

Беларусь азаматы бұрынғы психиатриялық аурухананың ғимаратын небәрі 100 долларға сатып алып, сол жерге көшіп барған. Ол бұрын рентген-кабинет болған бөлмеден өзіне пәтер жасап алған, ал қалған шамамен 4 мың шаршы метр аумақты мәдени жобаға айналдыруды көздеп отыр, деп хабарлайды turkystan.kz realt.onliner.by-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ғимарат біртіндеп арт-кеңістікке айналып келеді. Жоспарда көрме залдарын, кафе мен шеберханаларды ашу, сондай-ақ суретшілер жұмыс істейтін әрі түрлі іс-шаралар өтетін алаң құру бар.

Қазіргі уақытта Дмитрий жобаны дамыту үшін инвесторлар мен серіктестер іздеп жүр. Ол тарихы өзгеше бұл кеңістік шығармашылық орта өкілдерінің назарын аударып, болашақта жаңа мәдени тартылыс нүктесіне айналады деп үміттенеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары