Ұлттар лигасы алдында Қазақстан құрамасының екі футболшысы қатардан шығып қалды

/
Ұлттар лигасы алдында Қазақстан құрамасының екі футболшысы қатардан шығып қалды
kff.kz

Қазақстан футбол құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы алдағы матчтар алдында екі ойыншысынан айырылды. Жарақатына байланысты Әлібек Қасым мен Ислам Чесноков ұлттық құрамаға көмектесе алмайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, "Астана" клубының қорғаушысы Әлібек Қасым сырт алаңда өтетін екі кездесуге қатыспайды.

Қазақстан құрамасы 26 қыркүйекте Торсхавнда Фарер аралдарының командасымен кездессе, 29 қыркүйекте Кошицеде Словакияға қарсы ойнайды.

Әлібек Қасымның кейінгі матчтарға қатысу мүмкіндігі оның жарақаттан қаншалықты тез қалпына келетініне байланысты болады.

Ал "Крылья Советов" сапында өнер көрсететін Ислам Чесноковтың жарақаты күрделірек. ҚФФ мәліметінше, футболшы Қазақстан құрамасының алдағы төрт ойынына да қатыса алмайды.

Ұлттық құрама 2 қазанда Молдованы, 6 қазанда Фарер аралдарын өз алаңында қабылдайды. Екі кездесу де "Астана Аренада" өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Қазақстан 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында C дивизионының үшінші тобында өнер көрсетеді. Топтағы қарсыластары – Словакия, Молдова және Фарер аралдары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары