Алматы облысында пышақ жарақаттары бар әйелдің мәйіті табылды

/
Алматы облысында пышақ жарақаттары бар әйелдің мәйіті табылды

Полиция қызметкерлері азаматтық жұбайын өлтірді деген күдікпен Рысқұлов ауылының 45 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ер адам 14 қаңтар күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала анықталғандай, отбасылық жанжал барысында ауыл тұрғыны азаматтық жұбайына пышақпен екі рет жарақат салған. Соның салдарынан жәбірленуші бірнеше сағаттан кейін көз жұмды. Әйелді жараланған күйінде туыстары байқап, тапқан. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Liter.kz редакциясына.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері кешені жүргізілуде. Тергеу шараларының нәтижесі бойынша заңнама талаптарына қатаң сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар