Актриса Ақбота Нұр мен Аян Өтепберген жаңа фильмге арналған фотосессиядан кейін желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Актерлер қатысқан фотосессиядан түсірілген видеолар мен кадрлар Instagram желісінде кеңінен тарап, көпшіліктің назарын аударды. Кей көрермен экраннан тыс байқалған актерлер арасындағы «химияны» жоғары бағалап, олардың кәсіби шеберлігін атап өтсе, енді біреулер фотосессия кезіндегі жақын қарым-қатынасты орынсыз деп санаған.
Желіде түрлі пікірлер жазылып, қызу пікірталас өрбіді. Кей қолданушылар: «Аянның әйелі қалай қызғанбайды?», «Неге сонша жабысады», «Мұндайды түсіне алмадым», – деп пікір қалдырған.
Сонымен қатар актерлерді қорғап, бұл тек шығармашылық жоба аясындағы кәсіби жұмыс екенін, фотосессияның көркемдік шешімімен байланысты екенін айтқан желі қолданушылары да аз емес.