«Соңғы махаббат» фильміне арналған сұхбатта актриса әрі әнші Ақбота-Нұр жеке өміріне қатысты ой бөлісіп, көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әңгіме барысында жүргізуші Аян Өтепберген өнер иесінен өміріндегі соңғы махаббатынан қандай түйін жасағанын сұрады.
Бұл сауалға берілген жауап көрерменге айрықша әсер етті. Ақбота бір кезеңде өміріндегі бір адамды шын жүректен «соңғы махаббатым» деп қабылдағанын жасырмады. Дегенмен уақыт өте келе бұл ойының ақталмағанын ашық айтты.
"Соңғы махаббатымды «соңғы» ойлағанмын. Сенгенмін. Өкінішке қарай, ол менің соңғы махаббатым емес екен", — деді әнші.
Ақбота-Нұрдың сөзінше, аталған қарым-қатынас оның өмірінде айрықша із қалдырған. Бұл тәжірибе дүниетанымын өзгертіп, махаббат ұғымын тереңірек түсінуге жол ашқан.
Сонымен қатар ол болашақта жолығатын соңғы махаббатынан әлі де үміт күтетінін атап өтті.
"Алдағы соңғы махаббатымнан біраз нәрсе күтемін", — деді Ақбота.