«Барыс» қатарынан төртінші матчта жеңілді

/
«Барыс» қатарынан төртінші матчта жеңілді

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының сырт алаңдағы матчында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойын басталар алдында қазақстандық клуб Шығыс конференциясында оныншы орында тұрса, ресейлік команда төртінші орында болды.

Бірінші кезеңде шайба соғылған жоқ. Екінші кезеңде алаң иелерінің голына Тайс Томпсон жауап берді. Қорытынды жиырма минут ойынның овертаймға ұласуына себеп болды, онда «Автомобилист» басым түсіп, қазақстандықтар қатарынан төртінші матчта жеңіліс тапты.

15 қаңтарда «Барыс» өз алаңында Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасын қабылдайды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары