Жетісуда жеке тұлғаға заңсыз сатылған саябақ жері қайтарылды

/
Жетісуда жеке тұлғаға заңсыз сатылған саябақ жері қайтарылды
istockphoto.com

Жетісу облысының прокуратурасы «Ардагерлер саябағына» іргелес жатқан жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Cот Талдықорған қаласы прокурорының «Ардагерлер саябағына» іргелес орналасқан жалпы ауданы 4,1 гектар жер учаскесін жеке тұлғаға беру фактісін заңсыз деп тану және аталған жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару туралы талап арызды қанағаттандырды.

Қадағалау іс-шаралары барысында көрсетілген жер учаскесі орман-саябақ аймаққа жататыны және 2006 жылы заң талаптарын бұза отырып жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды.

Кейіннен жер учаскесі 44 жеке учаскеге бөлініп, 13 тұлғаға сатылған.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Жетісу облысының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы аумақтарды сақтау бағытындағы жұмысты тұрақты негізде жүргізуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары