11 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкент қаласында 21 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қыздың мәйіті Төлеметов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің маңынан табылған. Оның денесінде пышақ іздері анықталған.
Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталған. Ол марқұммен бұрын таныс болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда полиция күдіктіні ұстау бойынша шаралар қабылдап жатыр.