Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова демалыстан оралған ұлының отбасын және келіні Жұлдыздың ата-анасын қонаққа шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айта кетейік, бұған дейін желіде Гүлзира Айдарбекованың үлкен келінімен қарым-қатынасына қатысты түрлі қауесет тараған еді. Алайда бұл жолы аталған әңгімелерге нүкте қойылғандай болды.
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында келінімен тату екенін және жаңа туған немересін қолына алған сәтін жариялады.
Сондай-ақ ол құда-құдағиына Жаңа жылға орай сыйлық берді.
Жазба желі қолданушылары тарапынан жылы пікірлерге ие болды.