Белгілі әнші, KeshYou тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова Instagram-дағы парақшасында орамалсыз түскен видео жариялады.
Бірнеше жыл бұрын орамал тағып, сахнадан кеткенін мәлімдеген Айдана Меденова күні кеше әлеуметтік желідегі парақшасына орамалсыз түскен видео жүктеді. Видеодан әнші гитараның сүйемелдеуімен "Өйткені өмір" деген әнді орындап отырғанын көруге болады.
Бұл видеодан кейін желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі орамалды шешкен видеосын жүктегені үшін даттап жатса, өнерін сүйетін қауым оны әншілікке "қайта оралғаны үшін" құттықтап жатыр. Әзірге әншінің өзі ешқандай мәлімдеме жасап, көпшілік алдына шықпады.
"Бәріне не болған орамалдарын шешіп?", "Әйел адамның имандылығы бір орамалмен емес ,жүрек тазалығымен ,жан- дүниесі таза болса.Аллаға деген ниеті түзу болса болды", "Айдана қызым,өте қуаныштымын, өнеріңді тастама, ең бастысы өзіңнің жүрегіңді тыңда, ешкімнің хақы жоқ саған қалай өмір сүруді үйретуге, ол сенің өмірің. Ақылыңнан айналдым, еш уақытта артыңнан жаман сөз ерген емес, жүрегің таза ең бастысы, біз тілекшіміз. Сені өнердің биігінде көргіміз келеді! Ақ жол", "Өзіңізбен болуды емес, басқалардың ойымен болуды таңдағаныңыз өте өкінішті", "Сіз орамал да жүрген кезде қызығушы едім мен де орамал ға қашан келер екенмін деп , басыңыздағы тәжіңізді босқа шештіңіз негізі Алланың берген үлкен сыйы еді", "Таңқалатын түк жоқ соған келе жатты го. Алла өз орамалымыздан айырмасын", - делінген пікірде.