Өткен жылы ақылы автожолдарда 74 млн сапар тіркелді

/
Өткен жылы ақылы автожолдарда 74 млн сапар тіркелді
ҚазАвтоЖол

2025 жылы Қазақстанның ақылы автожолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді: Алматы-Қонаев және Өзбекстан шекарасына шығатын оңтүстік дәліз көш бастап тұр, деп хабарлайды turkystan.kz.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелген. Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4 883 шақырымды құрайтын 26 ақылы учаске жұмыс істейді. Аталған желінің құрамында I техникалық санаттағы 12 учаске (2 231 шақырым) және II-III техникалық санаттардағы 14 учаске (2 652 шақырым) бар.

Жол қозғалысының құрылымы көлік ағынының ірі агломерациялар маңына және негізгі транзиттік бағыттарға шоғырланғанын көрсетеді. Ең жоғары жүктемесі бар алғашқы бес учаске барлық сапардың 51 пайызын, ал алғашқы он учаске шамамен 73 пайызын қамтамасыз еткен. Сапарлар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы-Қонаев бағытына (11,8 млн) және Шымкент торабының оңтүстік бағыттарына, соның ішінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына шығатын учаскеге (9,3 млн) тиесілі.

Төменде 2025 жылғы сапар саны бойынша кему ретімен берілген ақылы учаскелер тізімі ұсынылады.

Ақылы учаскелердің рейтінгі (2025)

1. Алматы-Қонаев - 11,8 млн

2. Шымкент-Өзбекстан шекарасы - 9,3 млн

3. Шымкент-Тараз - 6,5 млн

4. Тараз-Қайнар - 5,4 млн

5. Шымкент-Қызылорда - 4,8 млн

6. Астана-Теміртау - 4,4 млн

7. Қонаев-Талдықорған - 3,9 млн

8. Астана-Щучинск - 3,7 млн

9. Щучинск-Көкшетау - 3,2 млн

10. Астана-Павлодар - 2,5 млн

11. Алматы-Қорғас - 2,5 млн

12. Қостанай-Денисовка - 1,9 млн

13. Тараз қаласының айналма жолы (Қайнар-Шымкент) - 1,9 млн

14. Қызылорда-Арал - 1,8 млн

15. Көкшетау-Петропавл - 1,7 млн

16. Балқаш-Бурылбайтал - 1,4 млн

17. Павлодар-Семей-Қалбатау - 1,3 млн

18. Ақтөбе-Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) - 1,3 млн

19. Павлодар-Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) - 856 мың

20. Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) - 831 мың

21. Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) - 774 мың

22. Шу-Бұрылбайтал - 707 мың

23. Қандыағаш-Мақат - 583 мың

24. Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа) - 570 мың

25. Бейнеу-Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) - 163 мың

26. Үшарал-Достық - 101 мың

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары