«Қай жері жаман?»: Қабатовтың әйелі атқа мініп, көпшіліктің назарын аударды (ВИДЕО)

/
«Қай жері жаман?»: Қабатовтың әйелі атқа мініп, көпшіліктің назарын аударды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман ат үстінде өнер көрсетіп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Айманның ат үстінде шауып жүрген сәті көрсетілген. Ол жазбасында жылқы танудың, атқа мінудің қазақ үшін мән-маңызына тоқталып, мұны үлкен өнер мен ерлікке балады.

"Жылқы жайлы көп айтасың дегендерге…Жылқы тани білгеннің қай жері жаман? Мүше, Жілік ажырата алсаң керемет емес па?Үйіңе келген қонағыңа не ұсынарыңды білгенің жақсы емес па? Аттың үстінде шабу да үлкен Өнер мен ерлік….", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Айманның бұл қырын жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді.

Пікір қалдырушылар оның мінезін, сөз саптауын және өнерін ерекше атап өткен. Көпшілік Айманның түрлі қырынан танылып келе жатқанын жазуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары