«Барыс» сырт алаңда сәтсіз өнер көрсетті

/
«Барыс» сырт алаңда сәтсіз өнер көрсетті

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) сырт алаңдағы матчында қазандық «Ак Барспен» кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойын басталар алдында қазақстандық клуб лиганың Шығыс конференциясында оныншы орында тұрса, ресейлік команда үшінші орында болған.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде алаң иелері Адам Шилге жауапсыз екі шайба соқты. Қорытынды жиырма минуттықта фаворит жеңісті нықтай түсті. Есеп — 3:1.

10 қаңтарда «Барыс» қонақта уфалық «Салават Юлаевпен» кездеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары