Түркістан облысында күріш өңдеу цехы іске қосылды

/
Түркістан облысында күріш өңдеу цехы іске қосылды
istockphoto.com

Жетісай қаласында кәсіпкер Ақбаян Алтауова күріш өңдейтін цех ашты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қажетті жабдықтар кәсіпкердің Қытайдан тартылған 190 млн теңге көлеміндегі инвестициялық қаражаты есебінен сатып алынды.

Цехтың тәуліктік қуаттылығы — 7 тонна шикізат. Дайын өнім өңірдегі сауда нүктелерінде, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында сатылуда.

Кәсіпкер мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып, өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, соңғы 5 жылда Жетісай қаласына 94,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Жалпы 8 жоба жүзеге асырылды, алдағы жылдарға тағы 6 жобаны қолға алу межеленіп отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары