Атырауда жоғалған отбасы: Ерлі-зайыптыларды жер қойнына тапсырды

/
Атырауда жоғалған отбасы: Ерлі-зайыптыларды жер қойнына тапсырды
видеодан скриншот

Кісі қолынан қаза болған ерлі-зайыптылар Жангелдинде жерленді. Жаназаға ауыл тұрғындары түгел келген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Марқұмдардың мәйіттері аудан орталығынан алдын-ала жеткізілген. Таңертең ерлі-зайыптылар жергілікті зиратта жерленді.

«Үй пломбаланған, сондықтан денелерді туыстардың үйінен шығарып әкелді. Қазір бәрімізге өте ауыр. Біздің ауылда мұндай трагедия бұрын болған емес», — дейді ауыл тұрғындары.

«Жақындары өздері жерлеу рәсімін ұйымдастыруға ниет білдірді. Бұл бүкіл ауыл үшін ортақ қайғы», — деп қосты ауыл әкімі Қанат Ғайса.

Отбасы — ерлі-зайыптылар мен олардың үлкен ұлы мен қызы — бірнеше ай бұрын жоғалған. Туысы уайымдап, желтоқсан соңында полицияға хабарлаған.

Тергеушілер үйді бірнеше рет тексергенімен нәтиже болмаған. Кейінірек шаруашылық ғимаратындағы диван астынан, шамамен бір жарым метр тереңдікте табылған. Марқұмдардың қаза тапқан уақытын қазір тергеу анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары