Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызы Сезімнің 18 жасқа толған туған күнін Мальдив аралдарында тойлады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram әлеуметтік желісіндегі Stories-те отбасымен демалып жүрген сәтін көрсетті. Ол Мальдив аралдарында қызы Сезімнің 18 жасын атап өткенін жеткізді.
Жұлдыз Әбдукәрімова мен Қайрат Нұртас отбасымен.
"Негізі Сезімнің болмысы бөлек. Артық шуды, артық әрекетті, көп сөзді ұнатпайды. Өте мейірімді, Англияға оқуға түскелі мінезі де өзгеріп келеді. Тым бауырмал, аса сезімтал болған. Отбасымен ғана өткізетін уақытты қатты бағалайды. Ақылдым, тұңғышым, туған күніңмен. Өзіңдегі еркіндік, қарапайымдылық пен кең жүрегің сондай әдемі. Өмір жолың ашық болсын, кәмелетке толған менің үлкен бөпем", - деп жазды ол.