«Үш минутта айырылып қалдым»: Асанәлі Әшімовтің әйелі Бағдат Әшімова жан тебірентерлік жазба жариялады

/
«Үш минутта айырылып қалдым»: Асанәлі Әшімовтің әйелі Бағдат Әшімова жан тебірентерлік жазба жариялады
Коллаж: turkystan.kz

Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің зайыбы Бағдат Әшімова жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Өнер иесінің жары әлеуметтік желідегі парақшасында өмір мен өлімнің арасы қас-қағым сәт екенін айтып, жан жарына деген сағынышы мен қайғысын жеткізді.

Бағдат Әшімованың айтуынша, ол құдай қосқан қосағымен 23 жыл, бір ай, үш күн бірге ғұмыр кешкен. Алайда өмірлік серігінен небәрі үш минуттың ішінде айырылып қалу оның өміріндегі ең ауыр соққы болған.

«Адамның айтқаны орындалмайды, Алланың қалауына ешкім қарсы тұра алмайды», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Бағдат Әшімова жұбайын ақтық сапарға шығарып салуға келген қалың елге алғысын білдіріп, қайғысына ортақтасқан барша жандарға бас иетінін жеткізді.

Оның сөзінше, жаназа кезінде жиналған көпшіліктің дұғасы марқұмның жанына шипа болады деген сенім бар.

Жазбасының соңында ол ел-жұртқа ақ тілегін арнап, әр шаңыраққа бақ-береке, амандық тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары