Белгілі актер әрі поп-ММА өкілі Еркебұлан Тоқтар бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің желіде айтқан жазбасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Данияр екеуіміздің арамызға от салғысы келе ме әлде бір-бірімізбен қырылтқысы келе ме? Неге олай монтаж жасайды? Данияр – Олимпиада чемпионы. Басқа деңгейдегі адам. Данияр өзі біледі кімге арнап айтқанын. Даниярдың ол сөзі маған арналмаған. Мен оны анық білемін. Себебі Даниярмен Майамиде бір рет кездескенмін. Оның маған көзі түзу. Менің де оған көзім түзу. Ешкім ешкімнің ала жібін аттап, жолын кескен емес. Көкірек өсіп, медиа тұлға болып кететіндей мен онымен бірге өскен жоқпын. Ол – Олимпиадаға қатысып жүрген басқа деңгейдегі спортшы. Ол әңгіменің маған қатысы жоқ екеніне жүз пайыз сенімдімін", – дейді Еркебұлан Тоқтар.
Бұған дейін Данияр Елеусінов айналасында медиаға шығып, өзгеріп кеткен, үш дүркін Олимпиада чемпионы құсап, жұлдыз ауруымен ауырып жүрген спортшылардың көп екенін айтып, оларға өз ақылын жеткізген болатын.