«Барыс» 2026 жылдың алғашқы ойынында жеңіліп қалды

/
«Барыс» 2026 жылдың алғашқы ойынында жеңіліп қалды

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының сырт алаңдағы матчында нижегородтық «Торпедомен» кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойын басталар алдында қазақстандық клуб Шығыс конференциясында оныншы орында тұрса, ресейлік команда Батыс конференциясында бесінші орынға жайғасқан еді.

Бірінші кезеңде Кирилл Савицкийдің соққан шайбасына астаналықтардың бұрынғы шабуылшысы әрі Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Шевченко жауап қатты. Ойынның екінші бөлігінде Аңсар Шайхмедденов қонақтарды қайтадан алға шығарды, алайда қарсылас бұған жауап ретінде екі шайба қатарынан соқты. Қорытынды жиырма минутта фаворит 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды. Осылайша, аутсайдер команда жаңа жылдың алғашқы матчында жеңіліп қалды.

8 қаңтарда «Барыс» қонақта қазандық «Ақ Барспен» кездеседі.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары