5 қаңтар күні санитарлық авиация желісімен Жезқазған – Қаражал – Жезқазған бағыты бойынша Ми-8АМТ (МИ-882) тікұшағы санитарлық рейс орындады, деп хабарлайды turkystan.kz.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшу бір жасар сәбиді жедел түрде тасымалдау үшін ұйымдастырылған.
«Науқастың жағдайы жедел арнайы медициналық көмекті қажет етті, сондықтан санитарлық авиацияны қолдану туралы шешім қабылданды. Экипаж бен санитарлық авиация медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігінің арқасында ұшу сәтті өтті. Науқас дәрігерлерге тапсырылып, мамандардың бақылауына алынды», делінген төтеншеліктер хабарламасында.