Halyk Bank қосымшасы жұмыс істемей тұр

/
Halyk Bank қосымшасы жұмыс істемей тұр
Ғаламтор

5 қаңтар таңертеңнен бастап Halyk Bank қосымшасы жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қолданушылар сервиске кіре алмай, ешқандай операция жасай алмай отыр. Олардың айтуынша, авторизация жасау кезінде қате туралы хабарлама шығады.

«Біз көптеген сұрауларды өңдеп жатырмыз. Біраз уақыттан кейін қайтадан әрекет жасаңыз. Сұрауды кейінірек қайталаңыз», – деген хабарлама шығады.

Банктің хабарлауынша, қосымша уақытша техникалық жұмыстарға байланысты жұмыс істемей тұр.

«Қосымшада жүйелерге артқан жүктеме себебінен уақытша техникалық шектеулер байқалуда. Банк мамандары сервистердің тұрақты жұмысын қалпына келтіру және тұрақтандыру үшін қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Шектеулерді тез арада жою және қызметтерге тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін шаралар қабылдануда. Клиенттер мен серіктестерге түсіністік білдіргендері үшін алғыс айтамыз», – деді Halyk Bank баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстан азаматтары Отбасы банк қызметінде де қиындықтарға шағымданған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары