Биржада доллар бағасы күрт қымбаттады

/
Биржада доллар бағасы күрт қымбаттады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндік сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 511,26 теңге болып, 5,53 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкісінің ресми долларға курс 5 қаңтарға 505,53 теңге деңгейінде белгіленген.

Kurs.kz сайтының деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 513,21 теңгеден сатып алады, 516,42 теңгеден сатады. Астанада долларды орташа есеппен 510 теңгеден сатып алады, 517 теңгеден сатады. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 512,79 теңгеден сатып алады, 514,88 теңгеден сатады.

Еске салайық, 22 желтоқсан күнгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа салмақты бағамы 2,55 теңгеге төмендеді, 23 желтоқсанда 4,98 теңгеге төмендеді, 24 желтоқсанда 0,88 теңгеге көтерілді, 25 желтоқсанда 1,34 теңгеге көтерілді, 26 желтоқсанда 7,44 теңгеге төмендеді, 29 желтоқсанда 0,52 теңгеге көтерілді, 30 желтоқсанда 1,58 теңгеге төмендеді, 31 желтоқсанда 3,02 теңгеге көтерілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары