Танымал әнші Айша Байбосынова қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Байбосынова жаңа жыл қарсаңында жаңа мәртебеге ие болып, жас ана атанғанын жазды.
«26 желтоқсанда шекесі торсықтай ұлым дүниеге келді. Аллаға шүкір, сабырмен күткенге сый ерекше болады екен. Бұл бала – өміріме келген үлкен аманат, маңдайыма жазылған ең тәтті бақ», - деп жазды әнші.
Өнер иесі баласының кіндік әке-шешесі Тұрсын мен Баян Алагөзовтер екенін, баласына Тұрсынғали деп ат қойғанын жеткізді.
«Балапанымның кіндік әке-шешесі - өмір мен өнер жолында жанымыздан табылған, отбасылық жақын достар Турсен мен Баяша. Сәбиімізге азан шақырып Тұрсынғали деген есім қойдық. Бұл есім – тағдыр тоғыстырған сыйлы жандарға деген құрметіміздің, жылдармен бекіген достық пен сенімнің белгісі. Балам, кіндік әкеңдей жомарт жүректі, мейірімді, көзі ашық, көкірегі ояу, елге сыйлы, ырыс-несібесі мол азамат бол!», - деп жазды өнер иесі.