«Артында алты баласы қалды»: Боксшы Марат Мәзімбаевтың жұбайы өмірден өтті

/
«Артында алты баласы қалды»: Боксшы Марат Мәзімбаевтың жұбайы өмірден өтті
Әлеуметтік желіден

IBA нұсқасы бойынша екінші аса жеңіл салмақта әлем чемпионы болған Марат Мәзімбаевтың бірге отасқан жұбайы Жанна Мәзімбаева өмірден өтті, деп хабарлайды 1bol.kz.

Марат Мәзімбаев кәсіпқой бокста 7 жыл өнер көрсетті. Ол 25 жекпе-жек көткізсе, соның 20-да жеңіске жеткен. Тараздық спортшы  кәсіпқой рингте IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, WBO Intercontinental World Champion белдігіне ие болған.

Боксшы жұбайымен 2001 жылы отасқан. Осы уақыт аралығында алты баланың ата-анасы атанып үлгерді. Марқұмның артында төрт қыз, екі ұлы қалды.

«Алматы қаласында оқып жүрген кезім болатын. Тығыз шаруалармен Тараз қаласына баруым керек болды. Тірлігім бір күнде бітпейтіндіктен, түнейтін үй іздестірдім. Өзім Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы болсам да Тараз қаласында тұратын туысым жоқ еді. Сосын Алматыда  бірге оқып жүрген досыммен ақылдастым. Сұрастырып көрсем оның Таразда туысы бар болып шықты. Келісе келе екеуміз Таразға бірге баратын болдық. Шаруаларымды бітіріп болған соң досым екеуміз туысының үйіне бардық. Үй егелері ашық-жарқын жүзді жандар екен, келген қонақтарды құшақ жая қарсы алып, ас-дәмін ұсынды. Бір кезде ары-бері тірлік жасап жүрген сол үйдің бойжеткен қызына көзім түсіп кетті. Сүп-сүйкімді қыз екен. Сол күні онымен танысып, сөйлесіп үлгердік. Не керек, содан кейін екеуміз біраз уақыт кездесіп жүрдік. Оны Алматыға шақыртып, бірге киноға, кафеге бардық. Бір-бірімізді етене жақын танып, сырлас адамдарға айналдық. Жаннамен өмірлік серік болуға шешім қабылдадым. Қарындасына ғашық екенімді досыма ашық айтайын деп шештім. Алғашқыда мұндай жаңалықты естігенде ол біраз түсінбестік танытып, қарсылық білдірген болатын. Сірә, екеумізден жақын қарым-қатынасты күтпесе керек. Бірақ досыма оған деген сезімімнің шынайы  екенін, онымен бірге шаңырақ көтеріп, бақытты ғұмыр кешкім келетінін айтқаннан кейін барып, келісімін берді. Жасым жиырма алтыда еді. Шынымды айтсам өзге ғашықтар секілді ел аралап, қыдырып жүруге уақытым болмады. Үйленетін жасқа да келіп қалдым. Бір күні Жаннаға маған тұрмысқа шығуына ұсыныс жасадым. Көп ұзамай ол келісімін беріп, отау құрдық», — деген еді боксшы бір сұхбатында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары