Танымал әнші Қайрат Нұртас жанұясымен Мальдив аралдарына демалысқа аттанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жаңа жылдық демалысты Үнді мұхитында өткізген жұлдызды отбасының бұл сапары желіде қызу талқыға түсті.
Бұл туралы ортаншы қызы Алау Нұртас Instagram парақшасында хабарлап, жолдың оңай болмағанын айтты.
«Біраз уақыт желіге шықпағанымның себебі — Мальдивке ұшу. Көп уайымдадық, үлгермей қала жаздадық. Ал келген соң мүлде жағымсыз жағдай болды», — деп жазды ол.
Алау болған оқиғаның мән-жайын кейінірек бөлісетінін жеткізді.