«Тұрсынбек арбаға таңылды»: Қабатовтың әйелі жариялаған видео қызу талқыға түсті

/
«Тұрсынбек арбаға таңылды»: Қабатовтың әйелі жариялаған видео қызу талқыға түсті
Коллаж: turkystan.kz

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман қасиетті Мекке қаласында түсірілген видеосын әлеуметтік желіде жариялап, жұрт назарын аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнежазбадан Айманның Қағбаны айнала жүріп, арбаға таңылған ер адамды сүйреп келе жатқанын көруге болады.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеодағы арбадағы адамды Тұрсынбек Қабатов болуы мүмкін деп болжап жатыр. Аталған жайтқа қатысты Айман пікір білдіріп, желідегі түрлі болжамдарға жауап қатты.

«Құрсын адамдар не болып кеткен, жәй видеоны бұрмалап арбаға таңылды, ауру деп. Субханаллаһ! Осы фотоны не деп салар екенсіздер», – деп жазды ол.

 
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары