Ақтауда мас жүргізуші басқа біреудің автокөлігін аударып жіберді

/
Ақтауда мас жүргізуші басқа біреудің автокөлігін аударып жіберді
видеодан скриншот

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы аулалардың бірінде мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасап, бірнеше автокөлікке зақым келтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 28 желтоқсанға қараған түні 7-шағын ауданда, №22 және №23 үйлердің арасында болған.

Куәгерлердің айтуынша, шетелдік автокөлікті басқарған ер адам жоғары жылдамдықпен келе жатып үш көлікті соққан, ал тағы бір автокөлік соққының салдарынан аударылып кеткен. Куәгерлер апаттың салдары мен құқық бұзушының ұсталу сәтін видеоға түсірген.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, 2005 жылы туған жүргізуші Toyota Camry автокөлігін басқару кезінде рөлге ие бола алмай қалған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оның алкогольдік мас күйде болғанын анықтаған.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды. Құқық бұзушыға 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары