Күрт құлдыраған доллар қайтадан өсіп жатыр

/
Күрт құлдыраған доллар қайтадан өсіп жатыр
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күнделікті сауда қорытындысы бойынша бір доллардың салмақты орташа бағамы 504,76 теңге болды, бұл 0,52 теңгеге жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкі 29 желтоқсанға доллардың ресми бағамын 504,6 теңге деп белгілеген.

Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орташа сатып алу бағамы 504,85 теңге, сату бағамы – 509,04 теңге. Астанада долларды сатып алу бағамы орташа 503 теңге, сату бағамы – 510,01 теңге. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орташа 506,82 теңге, сату бағамы – 509,64 теңге.

Еске салсақ, 22 желтоқсанда күнделікті сауда қорытындысы бойынша доллардың салмақты орташа бағамы 2,55 теңгеге төмендеген, 23 желтоқсанда 4,98 теңгеге төмендеген, 24 желтоқсанда 0,88 теңгеге көтерілген, 25 желтоқсанда 1,34 теңгеге көтерілген, 26 желтоқсанда 7,44 теңгеге төмендеген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары